ММА

Рахмоновтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтетін нақты уақыт анықталды

Рахмоновтың UFC-дегі екінші жекпе-жегі өтетін нақты уақыт анықталды
news-banner7
mobile-news-top

26 маусымнан 27 маусымға қараған түні Лас-Вегаста (Невада штаты) UFC Fight Night 190 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кеш аясында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов өнер көрсетеді.

26 жастағы Рахмонов (13-0) үшін алдағы жекпе-жек америкалық промоушен туы астындағы екінші кездесу. Шавкат Лав-Вегаста бразилиялық Мишель Празериспен (26-3) кездеседі.

Рахмонов пен Празерис UFC FN 190 турнирінің ерте кардында бесінші болып октагонға шығады. Кеш 26 маусымда Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталатынын ескерсек, бұл жекпе-жек елорда уақытымен шамамен 00:30-да өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер