Футзал

Лео ауыр жарақат алды. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына көмектесе алмауы мүмкін

Лео ауыр жарақат алды. Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына көмектесе алмауы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Лео есімімен танымал Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Норильский Никель» клубының ойыншысы Леонардо Мендонка Да Роса ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Леоға тізедегі крест тәрізді байламның үзілуі диагнозы қойылды, және мұндай жарақаттан кейін қалпына келу кем дегенде алты айға созылады.

Осылайша, Лео әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының құрамасына көмектесе алмауы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, әлем біріншілігі 12 қыркүйектен 3 қазанға дейін Литвада өтеді. Қазақстан құрамасы жеребе нәтижесінде А тобына түсті. Қарсыластары - Литва, Латын Америкасының екі командасы - Венесуэла және Коста-Рика.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер