Басқа

Смайыл Дүйсебай: Құрлықтық біріншілікке екі дүркін Азия чемпионы боламын деп аттанған едім

Смайыл Дүйсебай: Құрлықтық біріншілікке екі дүркін Азия чемпионы боламын деп аттанған едім
news-banner7
mobile-news-top

Ливан астанасы Бейрутта таеквондодан құрлықтық біріншілік мәресіне жетті. Аталған сында күміс жүлдегер атанған қазақстандық Смайыл Дүйсебай Olympic.kz сайтына жарысты қорытындылап, алдағы жоспарымен бөлісті.

"Құрлықтық біріншілікке екі дүркін Азия чемпионы болатын деп барған едім. Өкінішке қарай, финалда Оңтүстік Корея спортшысынан ұтылып қалдым. Кездесу бір ұпай айырмашылығымен қарсыласымның еншісіне шешілді. Осыған дейін екеуміз кездескенбіз және осы уақытқа дейін бұл қарсыласымды жеңіп жүрген болатынмын.

Ал Бейрутта өткен халықаралық жарыста египеттік спортшыға есе жібердім.

Қос жарыстан алтынсыз қайтқанымды есептемегенде, жарыс өте жақсы өтті. Пандемия кезінде бәріміздің осындай жоғары дәрежеде ұйымдастырылған жарысты сағынып қалған едік. Осыдан кейін де жарыстар жалғасын тапса екен деген тілегіміз бар.

Ендігі жоспар - әлем чемпионаты мен бүкіләлемдік универсиада ойындары. Жоспар бойынша енді аталған екі жарысқа дайындығымызды пысықтаймыз", - дейді Смайыл Дүйсебай.

Айта кетерлігі, Смайыл Дүйсебай Бейрутта өткен "Beirut Open" халықаралық жарысында қола жүлдені еншіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер