Басқа

Қазақстан таеквондодан халықаралық турнирде он медаль жеңіп алды

Қазақстан таеквондодан халықаралық турнирде он медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Ливан астанасы Бейрутта таеквондодан "Beirut Open G2"халықаралық жарысы өтті.

Қазақстан таеквондо құрамасы аталған жарыста екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлдемен аяқтады.

Ел құрамасы сапынан Самирхон Абубакиров (54 кг) пен Ақсәуле Ерқасымова (+73 кг) топ жарып, жарыс жеңімпазы атанды. Бауыржан Хасенов (+87 кг), Жансель Дениз (73 кг), Жасурбек Исраилов (58 кг) және Әділет Базарбаев (63 кг) құрама қоржынын төрт күміспен толықтырды.

Ал Самат Темірхан (54 кг), Әділет Базарбаев (63 кг), Нұрқанат Қожахмет (74 кг) пен Смайыл Дүйсебай (87 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер