Басқа

Доха төріндегі дода: Спорттық гимнастикадан соңғы іріктеу турниріне кімдер қатысады?

Доха төріндегі дода: Спорттық гимнастикадан соңғы іріктеу турниріне кімдер қатысады?
news-banner7
mobile-news-top

23-26 маусым күндері Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді. Соңғы лицензиялық турнирде Қазақстан командасының спортшылары да сынға түседі, деп жазады Olympic.kz.

Команда үздігі Милад Карими Дохада көпсайыстан жүлдеге таласады. Милад тап осы көпсайыс бойынша Токио Олимпиадасына жолдама алған болатын.

Нариман Курбанов гимнастикалық ат снарядында Олимпиада жолдамасын алу үшін барын салмақ.

Сондай-ақ, Ілияс Азизов еркін жаттығудан бақ сынайды.

Айта кетелік, қазақстандық гимнастар жақында Хорватияда өткен әлем кубогінде жүлдегерлер қатарынан көрінді. Милад Карими бір алтын, бір күміс, бір қола иеленсе, Нариман Курбанов күміс жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер