Жеңіл атлетика

Рыпакова мен қызы Алматыдағы турнирде жүлде алды

Рыпакова мен қызы Алматыдағы турнирде жүлде алды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосанов мемориалы өтіп жатыр.

Дәстүрлі турниде ұзындыққа секіруден әйелдер арасындағы бәсеке жанкүйерлер қызығушылығын тудырды. Себебі, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова өзінің қызымен жарысты.

Рыпакованың басты қарсыластарының қатарында оның 17 жастағы қызы Анастасия да бар. Жас спортшы елішілік турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Жақында ол ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында топ жарған болатын.

Ұзындыққа секіруден Қосанов мемориадының алтын жүлдесін Ольга Рыпакова иеленді. Оның нәтижесі – 6,25 метр. Екінші орынды Ирина Эктова, үшінші орынды Анастасия Рыпакова еншіледі.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер