Қазақстандық теннисші маусымдағы алтыншы титулын иеленді
![Қазақстандық теннисші маусымдағы алтыншы титулын иеленді](https://prosports.kz/upload/news/content//202106/472_a168f250c5f760538cde751050e4eed5.jpg?v=28667753)
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов португалиялық Гонсалу Оливейрамен бірге Простеевте (Чехия) «Челленджер» сериясындағы турнирдің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық-португалиялық жұптың қарсыластары чехтар Роман Жебавы мен Зденек Колар болды. Чех дуэті бірінші сетте сенімді жеңді - 6:1. Ал кейінгі екі сетте Недовесов пен Оливейра 7:6, 10:6 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 32 минутқа созылды.