Басқа

Таеквондодан Азия чемпионаты: Отандық спортшылар жаппай жеңіліске ұшырады

Таеквондодан Азия чемпионаты: Отандық спортшылар жаппай жеңіліске ұшырады
news-banner7
mobile-news-top

Бейрутте (Ливан) өтіп жатқан таеквондодан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар жүлде ауылынан алыс қалды деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін ел намысын үш спортшы қорғаған болатын.

63 келідегі Әділет Базарбаев Өзбекстан өкілі Пулат Ниязовтан, 67 келідегі Нұрай Құсайынова иорданиялық Джулиана Садектен, 80 келідегі Рахым Әділханов ирандық Бархордари Мехраннан жеңілді.

Осылайша, қазақстандық спортшылар Азия чемпионатын төрт медальмен аяқтап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер