Басқа

Таеквондодан Азия біріншілігі: Үшінші жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді

Таеквондодан Азия біріншілігі: Үшінші жарыс күнінде кімдер өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Ливанның Бейрут қаласында таеквондодан Азия біріншілігінің үшінші жарыс күні басталады. Бүгін Қазақстан атынан үш спортшы жүлдеге таласады.

Атап айтар болсақ, 63 келіде Әділет Базарбаев, 80 келіде Рахым Әділханов, 67 келіде Нұрай Құсайынова даянгке шығады.

Кешегі жарыс күнінде Қазақстан қоржыны бір қоламен толықты. 73 келіден жоғары салмақта бақ сынаған Ақсәуле Ерқасымова турнирде үздік үштікке енген болатын.

Одан бөлек, Жансель Дениз бен Смайыл Дүйсебай Азия біріншілінінің күміс жүлдегері атанды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер