Грек-рим шеберлері Түркиядағы турнирге қатысады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызГрек-рим күресінен Қазақстан құрамасы Стамбұлда өтетін рейтингілік жарысқа қатысады.
Турнир 18-20 маусым күндері өтеді. Қазақстаннан жеті балуан бозкілемге шығады. Олар:
60 кг дейін: Айдос Сұлтанғали, Мейрамбек Айнағұлов
77 кг дейін: Демеу Жадыраев, Асхат Ділмұхамедов, Тамерлан Шадукаев
87 кг дейін: Нұрсұлтан Тұрсынов, Азамат Құстубаев
Осы жарыстан соң Токио Олимпиадасына баратын балуандардың есімі белгілі болады. Қазіргі сәтте Қазақстанда Олимпиаданың үш жолдамасы бар.