ММА

Артем Резников пен Забит Магомедшарипов бірге жаттығу жасады

Артем Резников пен Забит Магомедшарипов бірге жаттығу жасады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Артем Резников (22-6) ACA лигасының чемпиондық атағы үшін өтетін жекпе-жегіне Алматыда дайындалып жатыр.

Артем Резников Алматыда UFC файтері Забит Магомедшариповпен (19-1) жаттығу өткізді. Бұл туралы ресейлік спортшы Instagram-парақшасында мәлімдеді.

29 жастағы Резников осы жылдың қыркүйек айында өтетін ACA турнирлерінің біріне қатысады. Қарсыласы - жеңіл салмақта (70,3 келі) лиганың қазіргі чемпионы ресейлік Абдулазиз Абдулвахабов (18-2) болады.

Артем Резников соңғы рет октогонда ACA 111 турнирінде өнер көрсетіп, ACB чемпионы Юсуф Раисовты жеңіп, жеңіл салмақта ACA титулына басты үміткер болды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер