Басқа

Азия чемпионаты: Қазақстандық бес таеквондошы жеңіліп қалды

Азия чемпионаты: Қазақстандық бес таеквондошы жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

Ливанның Бейрут қаласында таеквондодан Азия біріншілігінің екінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін даянгке шыққан қазақстандық спортшылардың басым бөлігі жеңіліс тапты.

49 келідегі Ботагөз Қапанова Тайпей спортшысына 9:21, 62 келідегі Жазира Исина да Тайпей өкіліне 5:14 есебімен жол берді.

Ерлер арасында сынға түскен Елдос Ысқақ Оңтүстік Корея спортшысынан 3:8 есебімен жеңілсе, 74 келідегі Нұрқанат Қожахмет өзбекстандық қарсыласына 16:31 есебімен жол берді.

Ал екінші айналымға өткен ауыр салмақтағы Бауыржан Хасенов ирандық спортшыдан жеңілді.

Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында екі күміс, бір қола медаль бар.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер