Азия чемпионаты: Қазақстандық бес таеквондошы жеңіліп қалды
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызЛиванның Бейрут қаласында таеквондодан Азия біріншілігінің екінші жарыс күні жалғасуда. Бүгін даянгке шыққан қазақстандық спортшылардың басым бөлігі жеңіліс тапты.
49 келідегі Ботагөз Қапанова Тайпей спортшысына 9:21, 62 келідегі Жазира Исина да Тайпей өкіліне 5:14 есебімен жол берді.
Ерлер арасында сынға түскен Елдос Ысқақ Оңтүстік Корея спортшысынан 3:8 есебімен жеңілсе, 74 келідегі Нұрқанат Қожахмет өзбекстандық қарсыласына 16:31 есебімен жол берді.
Ал екінші айналымға өткен ауыр салмақтағы Бауыржан Хасенов ирандық спортшыдан жеңілді.
Айта кетелік, әзірге Қазақстан қоржынында екі күміс, бір қола медаль бар.