Су добынан Қазақстан құрамасы әлемдік лиганың ширек финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызСу добынан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлемдік лиганың суперфиналында қатарынан үш ойында жеңіліс тапты, деп жазады ҚазАқпарат.
Қазақстандық ватерполшылар Греция командасынан 11:25 ұпаймен жеңіліп қалды. Бұған дейін олар АҚШ (2:20) пен Испания (11:20) командаларынан жеңілген . Әйтсе де, турнир регламенті бойынша, A және B топтарындағы командалар автоматты түрде ширек финалға жолдама алады.
Қазақстан құрамасының ширек финалға соңғы, төртінші орында шыққанына қарамастан, онда оған қатарынан үш рет жеңген А тобының көшбасшысы – Канадамен ойнау керек. Матч бүгін болмақ. Ширек финалдағы басқа жұптар мынадай: Ресей – Греция, Жапония – АҚШ, Венгрия – Испания.