русский язык

Конференция лигасындағы қарсыластарымыз - хорваттар, гректер мен румындар

Конференция лигасындағы қарсыластарымыз - хорваттар, гректер мен румындар
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы алғашқы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана» грекиялық «Ариспен» күш сынасады. Бұған дейін бұл командалар кездеспеген.

Грекиядағы ең танымал клубтардың бірі кейінгі жылдары үлкен жетістікке жетпеген еді. 2014 жылы, өзінің 100 жылдық мерейтойында «Арис» қаржылық мәселеге байланысты аймақтық лигаға түсіп қалған. Алайда клуб элитаға оралып, 2019 жылы Еуропа лигасына қатысты. 2020/21 жылғы маусымда гректер 40 жылда бірінші рет чемпионатта үшінші орын алып, заманауи тарихтағы ең сәтті маусымын өткізді.

«Арис» тарихындағы танымал ойыншылардың бірі - ресейлік Олег Веретенников. Ол Қазақстанда да ойнап үлгерген – 2004 жылы «Жеңіс» және 2008 жылы «Астана» сапында өнер көрсетті. Сонымен қатар, футболшы «Ертісте» ойнап, «Тобылды» жаттықтырған. Қазір «Рубинде» жүр.

«Аристің» жетістіктері:

Грекия чемпионы (3): 1928, 1932, 1946;

Грекия кубогының иегері: 1970.

«Тобылға» азулы «Хайдук» түсті. Хорваттардың күш-қуатын олардан 2014 жылы Еуропа лигасында жеңілген қарағандылық «Шахтер» айтып бере алады. Қазақстандықтар үшін бәрі жақсы басталған - өз алаңында 4:2 есебімен жеңіске жетті, бірақ «кеншілер» сырт алаңда 0:3 есебімен жеңіліп, еурокубокпен қош айтысқан еді. Бұл текетіресті сол кезде «Шахтерде» ойнаған Александр Мокин мен Сергей Малый ұмытпағаны анық. Олар «Тобыл» сапында есе қайтаруға тырыса ма?

Өткен маусымда «Хайдук» чемпионатта төртінші орын алды.

«Хайдук» жетістіктері:

Югославия Корольдігінің чемпионаты/ Югославия чемпионаты / Хорватия чемпионатының жеңімпазы (15): 1927, 1929, 1950, 1952, 1954/55, 1970/71, 1973/74, 1974/75, 1978/79, 1992, 1993/94, 1994/95, 2000/01, 2003/04, 2004/05;

Югославия Корольдігі кубогы / Югославия кубогы / Хорватия кубогының иегері (15): 1967, 1972, 1973, 1974, 1975/76, 1976/77, 1983/84, 1986/87, 1991, 1992/93, 1994/95, 1999/00, 2002/03, 2009/10, 2012/13;

Хорватия Суперкубогының иегері (5, рекорд): 1992, 1993, 1994, 2004, 2005.

Ал «Шахтерге» румыниялық «Стяуа» тап болды. Бұл команда бізге еурокубоктарда жолыққан – 2014 жылы олармен «Ақтөбе» күш сынасқан. Сәтсіз: өз алаңында 2:2 есебімен тең түскенімен, сырт алаңда жол берді - 1:2.

Өткен маусымда «Стяуа» алтын медаль алуға жақын болған, алайда чемпионат екіге бөлінгеннен кейін ЧФР-ді алға жіберіп алды. Екінші орын алған команда Конференция лигасында бақ сынайды.

«Стяуа» жетістіктері:

Румыния чемпионы (26, рекорд): 1951, 1952, 1953, 1956, 1959/60, 1960/61, 1967/68, 1975/76, 1977/78, 1984/85, 1985/86, 1986/87, 1987/88, 1988/89, 1992/93, 1993/94, 1994/95, 1995/96, 1996/97, 1997/98, 2000/01, 2004/05, 2005/06, 2012/13, 2013/14, 2014/15;

Румыния кубогының иегері (24, рекорд): 1948/49, 1950, 1951, 1952, 1955, 1961/62, 1965/66, 1966/67, 1968/69, 1969/70, 1970/71, 1975/76, 1978/79, 1984/85, 1986/87, 1987/88, 1988/89, 1991/92, 1995/96, 1996/97, 1998/99, 2010/11, 2014/15, 2019/20;

Румыния Суперкубогының иегері (6, рекорд): 1994, 1995, 1998, 2001, 2006, 2013;

Румыния лигасы кубогының иегері (2): 2014/15, 2015/16;

Еуропа чемпиондары кубогының жеңімпазы: 1986;

УЕФА Суперкубогының жеңімпазы: 1986.

Айта кетейік, Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі матчтар 22 және 29 шілдеде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;