Басқа

Софья Берульцева: Лицензия алғандағы қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын

Софья Берульцева: Лицензия алғандағы қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын
news-banner7
mobile-news-top

Каратэден Қазақстан командасының мүшесі Софья Берульцева Олимпиада лицензиясының иегері атанды. Olympic.kz сайтына сұхбат берген спортшы бұл жетістік жолында көп еңбектенгенін айтты.

«Лицензия алғаным үшін ерекше қуаныштымын. Өйткені, жолдама жолында көп күш салдым. Ұзақ уақыт бойы жаттығуды тоқтатқан емеспіз. Барлық бапкерлерім мен командаластарыма рахмет! Қуанышымды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Енді Олимпиадада жақсы өнер көрсету үшін одан әрі күш саламыз», - дейді Берульцева.

Айта кетелік, 15 маусым күні Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) рейтингті жаңартып, Софья Берульцева (+61 келі) мен Данияр Юлдашев (75 келіден жоғары) Токио ойындарына жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер