«Қазақтар Майамиде». Жұмағұлов, Морозов, Рахманов UFC-дегі жекпе-жектері алдында кездесті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық ММА спортшылары Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Шавкат Рахмонов Майамиде кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Файтерлер АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Кездесуден фотосуретті өзінің Instagram парақшасында Шавкат Рахмонов жариялады. «Қазақтар Майамиде» деген жазба қалдырды.
Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 27 маусымда UFC Fight Night 190-да өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық Мишель Празерес болады.
Жалғас Жұмағұлов UFC қанаты астындағы өзінің үшінші кездесуіне 10 шілдеде Лас-Вегаста (Невада), UFC 264-те шығады. Жұмағұловтың қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5).
Сергей Морозов 17 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) тегі ливан неміс Халид Тахиге (13-3) қарсы октагонға шығады. UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жерлесіміз Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды.