ММА

«Қазақтар Майамиде». Жұмағұлов, Морозов, Рахманов UFC-дегі жекпе-жектері алдында кездесті

«Қазақтар Майамиде». Жұмағұлов, Морозов, Рахманов UFC-дегі жекпе-жектері алдында кездесті
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ММА спортшылары Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозов, Шавкат Рахмонов Майамиде кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Файтерлер АҚШ-та оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Кездесуден фотосуретті өзінің Instagram парақшасында Шавкат Рахмонов жариялады. «Қазақтар Майамиде» деген жазба қалдырды.

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін 27 маусымда UFC Fight Night 190-да өткізеді. Оның қарсыласы бразилиялық Мишель Празерес болады.

Жалғас Жұмағұлов UFC қанаты астындағы өзінің үшінші кездесуіне 10 шілдеде Лас-Вегаста (Невада), UFC 264-те шығады. Жұмағұловтың қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5).

Сергей Морозов 17 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) тегі ливан неміс Халид Тахиге (13-3) қарсы октагонға шығады. UFC-дегі дебюттік жекпе-жегінде жерлесіміз Умар Нурмагомедовтен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер