Басқа

Мексикада триатлоннан әлем кубогының кезеңі басталды

Мексикада триатлоннан әлем кубогының кезеңі басталды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Уатулькода (Мексика) триатлоннан Әлем кубогының кезеңі өтті.

Халықаралық турнирде әлемнің 36 елінен келген Elite санатындағы 108 спортшы бақ сынады. Олардың арасында триатлоннан ұлттық құрама мүшесі Арина Шульгина сайысқа түскен еді.

750 м жүзу, 20 км велосайыс пен 5 км жүгіруден құралған спринтерлік қашықтықты Арина 36-шы орында аяқтады. Оның көрсеткен нәтижесі - 1 сағат 6 минут және 41 секунд.

Бірінші орынды дат спортшысы Альберта Кьер Педерсен (1 сағ. 00 мин. 24 сек.) иеленсе, екінші орынды - американдық Кристен Каспер (1 сағ. 00 мин. 36 сек.) алды. Үздік үштікті Касперге 1 секунд ұтылған австриялық Лиза Пертерер тұйықтады.

Еске сала кетейік, турнир квалификациялық деңгейге ие – сайыс нәтижесінде жеңген рейтингтік ұпайлар Олимпиадалық рейтингке қосылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер