ММА

Арман Оспанов ауыр нокауттан соң қанша уақыт емделеді?

Арман Оспанов ауыр нокауттан соң қанша уақыт емделеді?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ММА федерациясының президенті Айдар Махметов Professional Fighters League (PFL) промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегінде жеңілген Арман Оспановқа кеңесін айтты.

«Мұндай соққыдан соң бас сезімтал бола түседі, сондықтан міндетті түрде демалыс керек. Алғашқы айда ем-домын қабылдап, дәрі-дәрмегін ішу қажет. Сосын қатты салмақ түсірмейтін жаттығуларға кірісуге болады.

Арман – мықты спортшы. Оған енді демалып, қайта бабына келу қажет», - деді маман Sport True YouTube-арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Қазақстан уақытымен 11 маусым күні таңертең Арман Оспано UFC-дің бұрынғы файтері америкалық Крис Уэйдпен жекпе-жек өткізді. Крис екінші раундта Оспановты ауыр нокаутқа түсірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер