Қазақстандық жеңіл атлеттер Олимпиадаға тағы екі лицензия жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлеттер Олимпиадаға тағы екі лицензия жеңіп алды

Бішкекте өткен Т.Колпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста екі қазақстандық спортшы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Иван Иванов ядро лақтыру спортынан жолдамаға ие болды. Ол 21 метр 11 сантиметр нәтиже көрсетіп, қазақстандықтар арасында жаңа рекорд тіркеді.

Олимпиаданың тағы бір лицензиясын Ирина Эктова алды. Үш қарғып секіру сайысында ол 14 метр 34 сантиметр нәтиже көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0