Александр Седнев: Бұл жеңіс ойыншыларымызға сенімділік береді деп үміттенемін

Александр Седнев: Бұл жеңіс ойыншыларымызға сенімділік береді деп үміттенемін
news-banner7
mobile-news-top
«Ордабасының» бас бапкері «Ақжайыққа» қарсы жеңісті ойын жайлы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz шымкенттік клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Барлығын көптен күткен жеңіспен құттықтаймын, бұл жеңіс толықтай футболшылардың арқасы. Олар жеңу үшін бәрін жасады. Біз әдемі гол салдық, бірақ мұны сәл оңайырақ жасауымызға болар еді, алайда өкінішке орай жақсы сәттерде қиыс теуіп жаттық. Барша сәттерді санай отырып, біз бұл жеңіске лайық болдық деп ойлаймын. Қарсылас та осал команда емес, олар соңына дейін күресіп, бізге көптеген қиындықтар тудырды. Бұл жеңіс ойыншыларымызға сенімділік береді деп үміттенемін. Енді біз келесі матчқа дайындалатын боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер