ММА

UFC 263: Нейт Диас Эдвардстан ұтылды

UFC 263: Нейт Диас Эдвардстан ұтылды
news-banner7
mobile-news-top

Глендейлде (Аризона, АҚШ) өтіп жатқан UFC 263 аралас жекпе-жек турнирінің басты кардында 2019 жылдың қараша айынан бастап сегізбұрышқа шықпаған америкалық жауынгер Нейт Диас өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Диас жартылай орта салмақта үшінші орында тұрған британиялық Леон Эдвардспен кездесті. Жоспарлаған бес раундқа созылған шайқастың басым бөлігінде Леон белсенді болды. Нәтижесінде төрешілер британ файтерін жеңімпаз деп таныды.

Эдвардс үшін бұл кәсіпқой мансабындағы 19-шы жеңісі болды. Үш рет ұтылған (оның UFC-дегі рекорды 11-2). Нейт Диастың он үшінші жеңілісіне ұшырады (соның ішінде UFC-де 15 жеңіс және 11 жеңіліс).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер