Әлем футболы

EURO-2020. Англия - Хорватия матчының тікелей трансляциясы

EURO-2020. Англия - Хорватия матчының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа чемпионатының үшінші ойын күнінің шымылдығын Англия - Хорватия матчы ашады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ағылшындар үш жыл бұрын Ресейде өткен әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жеткен. Қола жүлде үшін өткен кездесуде Бельгияға есе жіберсе, Хорватия құрамасы финалда француздарға жол беріп, дүбірлі додада екінші орын алды. Ал, 1/2 финалда Англияны хорваттарды 2:1 есебімен ұтты.

Қос мықтының арасындағы С тобының матчы атақты «Уэмбли» стадионында өтеді. Төрешінің алғашқы ысқырығы елорда уақытымен 19:00-де шалынады. Тікелей эфирді мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.

Бұл топта Австрия мен Солтүстік Македония құрамалары да бар. Турнир алдындағы соңғы ойынында Қазақстан құрамасын ойсырата ұтқан македондар мен австриялықтар арасындағы кездесу сағат 22:00-де басталады.

Кешегі матчтардың нәтижелері:

А тобы:

Уэльс - Швейцария 1:1

B тобы:

Дания - Финляндия 0:1

Бельгия - Ресей 3:0

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер