ММА

UFC 263 турнирінің тікелей трансляциясы

UFC 263 турнирінің тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

13 маусым таңертең Аризона штатының Глендейл қаласында UFC 263 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы (83,9 келі) қазіргі чемпион Исраэль Адесанья Марвин Ветториға қарсы титулын қорғайды. Бұл реванш жекпе-жек. 2018 жылы Адесанья Ветториді төрешілер шешіммен жеңді. Соңғы үш жылда Исраэль 7-1 рекордын тіркеді. 19 қазанда UFC чемпиондық атағын жеңіп алды. Ал Веттори туралы айтар болсақ, Марвин 2018 жылдан бері бес рет жеңіске жетті, биыл сәуір айында Кевин Холландты жеңді.

Ал негізгі жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) чемпион Дейвисон Фигейреду титулын Брэндон Мореноға қарсы қорғайды.

UFC 263 турнирінің негізгі карды Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталатынын қосамыз.

Кешті СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2 арқылы көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер