Серік Мұсаділов АҚШ-та дайындалып жатыр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық боксшы Серік Мұсаділов (9-0, 7 КО) келесі жекпе-жегіне АҚШ-та дайындалып жатыр.
Ол Майамиде жаттығу лагерін өткізіп жатыр. Бұл туралы Instagram-парақшасында мәлімдеді.
9 шілдеде Майамиде өтетін бокс кешінде Серік Мұсаділов жергілікті спортшы Руэл Уильямспен (8-1, 3 КО) жұдырықтасады. Бәске NABA белбеуі тігіледі.
Айта кетейік, Серік Мұсаділов соңғы жекпе-жегін 22 мамырда Медли қаласында өткізіп, америкалық Кевин Браунды (2-15, 1 КО) нокаутпен жеңді.