Басқа

Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды

Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада ойындарына лицензия жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Каратеден Қазақстан құрамасының мүшесі Мөлдір Жаңбырбаева ел қоржынына кезекті жолдаманы салды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол Парижде өтіп жатқан лицензиялық додада күміс жүлдегер атанды. 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол әлемдік іріктеу жарысында жолдамаға ие болды.

Айта кетерлігі, бұл каратеден Қазақстан қоржынындағы екінші лицензия.

Бұған дейін Дархан Асаділов мерзімінен бұрын Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер