ҚПЛ-дың ең қымбат футболшылары тізіміндегі көшбасшы өзгерді

ҚПЛ-дың ең қымбат футболшылары тізіміндегі көшбасшы өзгерді
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz сайтының Қазақстандағы эксклюзивті серіктесі немістің Transfermsrkt порталы ҚПЛ-да ойнайтын футболшылардың трансферлік бағаларын жаңартты.

Өткен жылы лиганың жалпы құны 12 миллион еуроға қысқарған. Қазір чемпионаттағы барлық футболшылардың бағасын қосқанда 110,83 миллион еуро шығады. Сонымен қатар, ел чемпионы «Қайрат» командасы 2,7 миллион еуроға төмендеп, 20 миллион еуроға бағаланады.

«Қайрат» шабуылшысы Адеринсола Эсеола бірден 800 мың еуроға, қорғаушысы Раде Дугалич 500 мың еуроға арзандаған.

ҚПЛ-дің ең қымбат футболшысы «Астана» жейдесінде өне көрсетеді. Армения құрамасының ойыншысы Тигран Барсегянның трансфер базарындағы бағасы 2,5 млн еуро. 27 жастағы шабуылшы өткен жылмен салыстырғанда жарты миллион еуроға қымбаттаған. Ал, жарақатына байланысты Еуропа чемпионатына қатыса алмай қалған «Қайраттағы» Яцек Гуральский 2,3 млн еуроға бағаланып отыр.

Ең қымбат қазақстандық футболшылар тізімін мәскеудің ЦСКА командасында ойнайтын Бактиер Зайнутдинов (3,5 млн еуро) бастап тұр. Ал, өте нәтижелі маусым өткізіп жатқан «Астана» капитаны Абзал Бейсебеков төртінші орынға көтерілді. Абзалдың трансфердегі бағасы - 1,4 млн еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер