Басқа

Қазақстандық шахматшылар Julius Baer Challengers Chess Tour сериясындағы турнирге қатысып жатыр

Қазақстандық шахматшылар Julius Baer Challengers Chess Tour сериясындағы турнирге қатысып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шахматшылар Жансая Әбдумәлік пен Динара Сәдуақасова The Gelfand Challenge деп аталатын Julius Baer Challengers Chess Tour 2021 сериясындағы турнирдің екінші кезеңінде алғашқы ойындарын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алты турдан кейін Динара Садуақасова 3,5 ұпаймен 8-орында, 1,5 ұпай жинаған Жансая Әбдумәлік 16-орынға жайғасты. Көшбасшы - алғашқы алты ойында да жеңіске жеткен жас американдық шахматшы Эвондер Лян.

The Gelfand Challenge турниріне 18 жасқа дейінгі 10 шахматшы және 24 жасқа дейінгі 10 шахматшы қатысады. Жеке ойыннан бөлек, командалық жарыс та бар. Барлық 20 қатысушы екі командаға бөлінеді - Юдит Полгар командасы (оның құрамына Жансая Әбдумәлік кіреді) және Владимир Крамник командасы (бұл команданың мүшесі Динара Сәдуақасова).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер