Бокс

Ақтоты Райымқұлова Азия чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті

Ақтоты Райымқұлова Азия чемпионатының жүлдегерлерімен кездесті
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Азия чемпионатында жүлде алған спортшыларды қабылдады, деп жазады Prosports.kz сайты ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуге құрлықтық додада бас жүлде алған Валентина Хальзова, Лəззат Күнгейбаева, Римма Волосенко, күміс жүлдегер Василий Левит, қола жүлдегер Марина Вольнова, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков қатысты.
Ақтоты Райымқұлова былғары қолғап шеберлері мен федерация өкілдерін Азия чемпионатындағы жетістігімен құттықтай келе, алдағы Токио Олимпиадасы қарсаңындағы дайындық жұмысының барысымен танысып, боксшыларға сəттілік тіледі.
Айта кетейік, Азия чемпионатында 20 салмақта бақ сынаған Қазақстан құрамасы 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер