ММА

Арман Оспанов UFC-ге қашан ауысуы мүмкін?

Арман Оспанов UFC-ге қашан ауысуы мүмкін?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ММА мен панкратион федерациясының президенті Сағындық Мекеев отандық файтер Арман Оспанов (11-3) UFC-ге қашан ауысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оспанов қазір америкалық PFL промоушенінде өнер көрсетеді, алғашқы қарсыласы америкалық Крис Уэйд (18-6) болады.

Sports True Youtube-каналына берген сұхбатында Мекеев Оспановтың карьерасына болжамын жасады. Ол «Арман бұл лигада жеңіске жетсе, бірден UFC-ге ауыса ала ма?» деген сұраққа жауап берді.

«Мүмкін. Бірақ ол жақта Гран-при бар, бір жекпе-жек емес - жеңіске жетсе, тағы да төбелесіп, миллионды сарапқа салады. Бірақ ол PFL-ге әдейі барды. Оның үстіне, менеджері Абдель-Азиз тәжірибелі. Сондытан, Арман ол жақта сәтті өнер көрсетуге тырысады. Бәрі жақсы болса - кейін неге UFC-ге ауыспасқа?», - деп жауап берді Мекеев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер