Жұмағұлов пен Морозов АҚШ-та жаттығып жүр
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық файтерлер Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозов UFC-дегі кезекті жекпе-жегіне АҚШ-та дайындалып жатыр.
Бұл туралы файтердің өзі Іnstagram-парақшасында мәлімдеді. Олар Майамидегі American Top Team залында жаттығып жүр.
Жалғас Жұмағұлов өзінің UFC-дегі үшінші жекпе-жегін 10 шілдеде Лас-Вегаста (Невада) UFC 264 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джером Ривера (10-5) болады.