Бокс

Майк Тайсонның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Майк Тайсонның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
news-banner7
mobile-news-top

Суперауыр салмақта бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Майк Тайсон рингке биылғы жылдың күзінде оралмақ. Бұл туралы боксшының жаттықтырушысы Рафаэль Кордейро мәлім етті.

Еске сала кетсек, өткен жылдың соңында «Темір Майкл» рингтің тағы бір аңызға айналған тұлғасы – кіші Рой Джонсқа қарсы көрме жекпе-жегін өткізген. Жастары ұлғайған екі боксшы барлық дистанциядан өтіп, жұдырықтасуды тең есеппен аяқтады.

«Біз жаттығуымызды жалғастырып жатырмыз. Ол – жаттығуын үзбейтін мықты спортшы. Қыркүйекте кездесу өтеді деп ойлаймын. Келесі қарсыластың кім болатынын білмеймін. Оның Legends Only League компаниясы осы жағынан жұмыс жүргізуде, теледидармен келіссөздер өткізіп, кестені ойластырып жатыр. Біз болсақ, жаттығып жатырмыз. Қыркүйек айында жұдырықтасуға шығамыз», - деді Кордейро.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер