«Қайсар» жаңа бас бапкерін таныстырды

«Қайсар» жаңа бас бапкерін таныстырды
news-banner7
mobile-news-top

Тәжірибелі қазақстандық маман Владимир Никитенко қызылордалық «Қайсарды» жаттықтырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

- Қызылордалық «Қайсарды» енді 64 жастағы білікті бапкер Владимир Никитенко баптайды. Тәжірибелі жаттықтырушы бүған дейін қасқырларды екі мәрте жаттықтырған. Атап айтсақ, 2008 жылы тізгінді ұстап, ел біріншілігінде табысты нәтижеге қол жеткізді. Сондай-ақ 2012 жылы «Қайсарға» қайта оралып, премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға үлес қосты.

Владимир Никитенко еліміздегі ең нәтижелі, жетістіктері мол бапкерлердің санатында. Атап айтсақ, Қазақстан чемпионатының екі дүркін жеңімпазы, бірнеше мәрте Қазақстан кубогын еншілеген, екі мәрте Қазақстан суперкубогын жеңіп алса, бірнеше рет ел чемпионатының жүлдегері атанған. Сондай-ақ Ресей федерациясы кубогының иегері, - деп жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер