Басқа

Слаломды есуден Қазақстан құрамасы мамыр айының үздігі атанды

Слаломды есуден Қазақстан құрамасы мамыр айының үздігі атанды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтында айдың үздік спортшысын анықтауға арналған сауалнама аяқталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша мамыр айының үздік спортшысы атағын слаломды есуден Қазақстан құрамасы иеленді. Сауалнамаға спортшылар мен командаларды қосқанда, 9 үміткер қатысты. Олар: Слаломды есуден Қазақстан командасы, каноэ мен байдаркада есуден Қазақстан командасы, бокстан Қазақстан әйелдер командасы, Владислав Яковлев (академиялық есу), Жанна Мамажанова (жеңіл атлетика), хоккейден Қазақстан құрамасы, Қайсар Алпысбай (каратэ), ауыр атлетикадан Қазақстан командасы, таеквондодан Қазақстан командасы.

8 маусым күні сағат 13:00-де спортшыларға дауыс беру аяқталды. Дауыс беру нәтижесі бойынша слаломды есуден Қазақстан құрамасы 68,40% жинап, ай үздігі атанды. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы екінші орыннан көрінсе, хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер