Футзал

Кака: «Қазақ тілі мен жолда ешкімді өткізбеуді үйреніп жүрмін»

Кака: «Қазақ тілі мен жолда ешкімді өткізбеуді үйреніп жүрмін»
news-banner7
mobile-news-top

«Қайрат» АФК мен Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака маусымды қорытындылап, елдегі футзал жайлы айтып берді.

Материалдың демеушісі Қазақстандағы №1 онлайн-букмекер — Parimatch.kz. Аталған компания «Қайрат» АФК серіктесі және команда капитаны Лео Игита компанияның ресми бренд-амбассадоры.

Маусым жайлы

- «Қайрат» пен Қазақстан құрамасы үшін маусым қалай өтті? 10 балдық жүйемен бағаласаңыз.

- Шамамен, жеті ұпайдың төңірегінде. «Қайрат» – жеңімпаз команда. Ал біз Чемпиондар лигасында жартылай финалдан аса алмадық. Сондықтан жетіден жоғары ұпай қоя алмаймын. Құрамаға келер болсақ, тоғыз деген ұпай берер едім. ЕУРО-2022 іріктеуін жеңіліссіз аяқтадық.

- «Қайраттың» Чемпиондар лигасын жеңіп алуына не жетпеді?

- Бірден ойға келетіні, әрине, Игитаның болмауы. Бірақ бұл жалғыз себеп деуге келмес. «Барселонаны» бұған дейін жеңген едік, бұл жолы ұтылып қалдық. Ойынды зерттеп, қатеден сабақ алдық.

- Футзалды Қазақстандағы таынмал спорт деуге келе ме?

- О, Қазақстанда футзал өте танымал деп ойлаймын. Мемлекет өз деңгейінде қолдағанда бұдан да танымал болар еді. Өйткені нәтиже бар, жағдай жасалған, футзал әлемінде абыройға ие.

Жеке өмірі жайлы

- Отаныңызға қандай көңіл-күймен ораласыз? Не дегенмен, пандемияның салдарынан екі жыл болмадыңыз.

- Иә, екі жылдан бері толыққанды демалыс ала алмадым. Енді демалып, жұмысқа толық күшпен қайта оралуға екі ай уақытым бар.

- Футзалдан бөлек, былайғы өмірде Қазақстанда дос таба алдыңыз ба?

- Әрине! Үш жылдың ішінде көп адаммен танысып, достасып үлгердім. Олардың көбі футзалмен еш қатысы жоқ. Өзім жұмыс істейтін елді спорт арқылы емес, күнделікті өмір арқылы танығым келеді.

Қазақстан жайлы

- Жақында желіде Қазақстан әнұранын орындаған видеосын пайда болды. Қиын болған жоқ па?

- Әрине, қиын болды. Осында үш жыл тұрсам да, қазақ тілін үйрену қиынға соғып жатыр.

- Қазақстанда сізді таңғалдырған жайттар болды ма?

- Иә, әсіресе көлікті жүргізу мәдениеті. Нақтырақ айтқанда, оның жоқтығы. Қазақстан жолында ең маңыздысы – ешкімді өткізбеу керегін түсіндім. Мұндай ешкімді өткізбей, бір-бірін қысып, кез келген сәтте сигнал басатыны қызық.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер