Дзюдо

Әлем чемпионаты: Елдос Жұмақанов қола жүлдеге таласады

Әлем чемпионаты: Елдос Жұмақанов қола жүлдеге таласады
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Елдос Жұмақанов қола жүлдеге таласады деп хабарлайды Olympic.kz.

Бүгін 66 келідегі спортшылар арасында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Осы салмақта ел намысын қорғап жатырған Елдос Жұмақанов Словакия, Австралия, Моңғолия және Белаусь балуандарын ұтып, турнирдің жартылай финалына өткен болатын.

Өкінішке қарай, жартылай финалда италиялық Мануэль Ломбардодан қосымша уақытта ұтылып қалды. Енді Жұмақанов кіші финалда моңғолиялық Башку Йондонперенлейге қарсы шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер