Басқа

Қазақстандық триатлоншы Еуропа кубогында екінші орын алды

Қазақстандық триатлоншы Еуропа кубогында екінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

6 маусым күні Украинаның Днепр қаласында триатлоннан Elite және Junior санатындағы Еуропа кубогы аяқталды.

Аталған сынға әлемнің 22 мемлекетінен 88 атлет қатысты. Олардың қатарында қазақстандық триатлеттер де бар.

Junior санатында Қазақстан жасөспірімдер командасының өкілі Егор Крупяков бақ сынап, спринтерлік қашықтықтан күміс жүлде жеңіп алды. Оның уақыт көрсеткіші – 56 минут 23 секунд. Бұл Крупяковтың World Triathlon ұйымдастыратын жарыстардағы алғашқы жүлдесі.

Бірінші орынды латвиялық Артурс Лиеп иеленсе, үздік үштікті польшалық Марцин Штанглевич еншілеген.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер