ММА

Эмрах Шавкатов OCTAGON 20 турнирінде өнер көрсетеді

Эмрах Шавкатов OCTAGON 20 турнирінде өнер көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық файтер Эмрах Шавкатовтың (3-0) келесі жекпе-жегі өтетін күнін анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

20 жасар алматылық 16 маусымда өтетін OCTAGON 20 турнирінде өнер көрсетеді. Қарсыласы қырғызстандық Қайрат Нұрқазы уулу (2-0) болады. Алдағы жекпе-жек жеңіл салмақта (70,3 келі) өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) өнер көрсетеді, қарсыласы қырғызстандық Арген Маликов (5-2) болады. Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Турнирдің ресми серіктестері - TURAN және 1XBET букмекерлік компаниясы.

Айта кетейік, OCTAGON 20 турнирі 16 маусымда Алматыда өтеді. Кештің тікелей трансляциясы OCTAGON TV Youtube арнасында Нұр-Сұлтан уақытымен 18:00-де басталады.

Турнирдің серіктесі - UNO сауда маркасы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер