Дзюдо

Дзюдодан әлем чемпионаты: бүгін төрт спортшымыз татамиге шығады

Дзюдодан әлем чемпионаты: бүгін төрт спортшымыз татамиге шығады
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 6 маусым Будапештте (Венгрия) дзюдодан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан сапынан төрт дзюдошы татамиге шығады. Ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғұсман Қырғызбаев пен Мағжан Шамшадин белдесме, әйелдер арасында 48 келіге дейінгі салмақта Галбадрах Отгонцэцг пен Абиба Әбужақынова белдеспек.

Іріктеу кезеңі елорда уақытымен сағат 14:00-де басталып кетті, финалдық кездесулер 21:00-ге жоспарланған.

Айта кетерлігі, дзюдодан әлем чемпионаты 13 маусымға дейін жалғасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер