Бокс

Сұлтан Зәуірбек Алматыда жекпе-жек өткізеді

Сұлтан Зәуірбек Алматыда жекпе-жек өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (10-0, 7 KO) Алматыда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

10 шілдеде «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде MTK Fight Night турнирі өтеді. Андеркартта Сұлтан Зәуірбек жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет жұдырықтасады. Тағы бір басты айқаста британиялық Ли Макгрегор (10-0, 8 КО) шаршы алаңға шығады. Әзірге екеуінің де қарсыласы белгісіз.

Айта кетейік, Сұлтан Зәуірбек кәсіпқой бокста 9 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Кейінгі жекпе-жегінде украин боксшысы Владислав Мельникті жеңіп, WBC Youth белбеуін қорғап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер