Бокс

Алматы әкімі Назым Қызайбайды құттықтады

Алматы әкімі Назым Қызайбайды құттықтады
news-banner7
mobile-news-top

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бокстан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбайды құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды:

- Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайды бокстан Азия чемпионатында ел құрамасы сапында 51 келіге дейінгі салмақтағы айқын жеңісімен құттықтаймын. Қайсар мінезді спортшыға жаңа жеңістер мен Олимпиада шыңын бағындыра бер деп тілеймін!, - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Айта кетейік, 51 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының финалында Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионы атанған аты аңызға айналған Үндістан боксшысы Мэри Комды жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер