Бокс

Видео. Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр

Видео. Садриддин Ахмедов келесі жекпе-жегіне дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов жаттығуының видеосын жариялап, келесі жекпе-жегі туралы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедов Инстаграм-парақшасында жаттығуының видеосы жариялап, былай деп жазды: «Ассалаумағалейкум баршаңызға, дайындығымыз қызу үстінде, жақын күндері қарсыласпен жекпе-жек күнін анықтаймыз».

Кейінгі жекпе-жегінде Ахмедов бірінші орта салмақта WBC Francophone, WBA Continental және NABF титулдарын иеленген. Сол кездегі қарсыласы нидерландылық Стивен Даньо болған. Ахмедов оны төрешілер шешімімен жеңген болатын. Жекпе-жек биыл қаңтарда өткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер