Сағынтай Беларусьтегі турнир алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАралас жекпе-жектен қазақстандық Ринат Сағынтай (9-0) BRAVE CF лигасындағы алғашқы жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
4 маусымда Минскіде өтетін BRAVE CF 51 турнирінің басты айқасында Ринат Беларусь спортшысы Денис Магермен кездеседі.
Екі файтер де жартылай орта салмақ дәрежесін (79,8 келі) сәтті орындады: Магер таразыда 79,45 кг-ны көрсетті, Сағынтай сәл ауыр - 79,6 кг.