Басқа

«Барлық мемлекет лицензиядан үмітті». Әлия Юсупова алдағы Азия чемпионаты туралы

«Барлық мемлекет лицензиядан үмітті». Әлия Юсупова алдағы Азия чемпионаты туралы
news-banner7
mobile-news-top

Көркем гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

6 маусым күні Өзбекстан астанасы Ташкентте басталатын құрлықтық біріншілікке ел құрамасы жекелей және топтық сайыс бойынша бақ сынайды.

«Азия чемпионатының өткізілетіні туралы ресми хабарды біз жақында естідік. Турнирді Ташкентке ауыстырыпты. Аталған бәсекеге жекелей сында екі спортшы және командалық жаттығудағы гимнастар қатысады. Әділханова мен Тілекенова турнирге тікелей жолдама алды, қандай да бір іріктеу өткен жоқ. Лицензиялық Азия чемпионатына 2019 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан спортшылар ғана бара алады. Ал бізден Алина мен Адиля бақ сынады. Алдағы Азия чемпионатында лицензиясы жоқ елдер ғана сынға түседі. Біздің құрлықта Жапония мен Өзбекстанның ғана жолдамасы бар. Демек, Азиядағы барлық мемлекет лицензиядан үмітті», - дейді Әлия Юсупова.

Жекелей сында ел намысын Алина Әділханова мен Адиля Тілекенова қорғайды. Ал топтық бәсекеде Дария Шарафиденова, Жанерке Дәулетқұлова, Сағина Мұратқызы, Айсұлу Мырзағалиева, Даяна Шаяхметова және Алина Чернышева өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер