Қазақстан құрамасының экс-футболшысы Ислам Далаев қайтыс болды

Қазақстан құрамасының экс-футболшысы  Ислам Далаев қайтыс болды
news-banner7
mobile-news-top

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Ислам Далаев 28 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жанкүйерлерге Станислав Лунин есімімен танылған футболшының жүрегі тоқтап қалған.

Далаев кәсіпқой карьерасын туған жері Өскеменде «Восток» клубында бастаған. Кейін қарағандылық «Шахтер», алматылық «Қайрат» пен павлодарлық «Ертіс» сапында ойнаған. Ислам карьерасын «Шахтерде» аяқтаған еді.

Қазақстан чемпионы атанып, Қазақстан кубогы мен Суперкубогын иеленген. Ел біріншілігінің күміс және қола медальдарын алған.

Prosports.kz редакциясы Ислам Далаевтың отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер