Басқа

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы ауысты

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасының жаттықтырушысы ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан таеквондо (WT) федерациясының бапкерлер құрамында өзгерістер енгізіліді: Жанбиров Нұрболат Наурызғалиұлы Қазақстан Республикасының Жастар арасында ұлттық құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметіне тағайындалды.

Жанбиров – жоғары санатты жаттықтырушы және ҚР спорт шебері. Ол өзінің жаттықтырушылық мансабында еліміздің, Азияның, сондай-ақ түрлі халықаралық және республикалық жарыстардың көптеген чемпиондарын тәрбиелеп шығарды.

«Биыл Қазақстан юниорлар құрамасы маңызды турнирлердің бірі - Дүниежүзілік Гимназиядаға қатысады. Біз үш кезеңнен тұратын оқу-жаттығу жиындарын өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның біріншісі маусым айында республикамыздың астанасында өтетін болады. Дүниежүзілік Гимназиядада өнер көрсеткеннен кейін команда «Fujairah Open» (БАӘ), «Russian Open» (Ресей) және тағы басқа халықаралық жарыстарға қатысады.» - Нұрболат Жанбиров өз жоспарларымен бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер