ММА

АСА Хабиб Нурмагомедов қоштасу жекпе-жегін өткізгені үшін қомақты қарды төлеуге дайын

АСА Хабиб Нурмагомедов қоштасу жекпе-жегін өткізгені үшін қомақты қарды төлеуге дайын
news-banner7
mobile-news-top

АСА лигасының вице-президенті Асланбек Бадаев жеңіліп көрмеген UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовке жекпе-жек өткізгені үшін 440 миллион рубль (6 млн доллар) төлеуге дайын екенін мәлімдеді.

- Республика басшысының өзі ұсыныс тастап отыр. Әрине, лига мұндай ақшаны төлеуге әзір. Өйткені Хабибтің қоштасу жекпе-жегі АСА-де өтуі үлкен оқиға, - деді ұйым өкілі.

Айта кетейік, 32 жастағы Хабиб Нурмагомедов UFC-ге 2012 жылы келіп, 13 рет жеңіске жетті. 2018 жылдың сәуірінде Нурмагомедов жеңіл салмақтағы чемпиондық титулға ие болды. Соңғы үш жылда чемпиондық белбеуін үш рет сәтті қорғады. Ал биыл көктемде мансабын аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер