Басқа

Джансель Дениз: Олимпиада лицензиясы бес жыл бойғы жұмыстың нәтижесі

Джансель Дениз: Олимпиада лицензиясы бес жыл бойғы жұмыстың нәтижесі
news-banner7
mobile-news-top

22 мамырда қазақстандық таеквондо спортшысы Джансель Дениз Олимпиада лицензиясының иегері атанды. Ол Иорданияның Амман қаласында өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті.

«Аммандағы лицензиялық турнир тоқыраудан кейін бір жарым жылдан кейінгі алғашқы жарысым болды. Мен мойнымда үлкен жауапкершілік болғанын сезіндім. Ал лицензия – бұл бес жылдық жұмыстың нәтижесі. Мен жаттығулар мен жарыстарда бекер тер төкпедім деп ойлаймын.

Әр спортшы армандайтын Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Дұрыс дайындық болса бәріне де қол жеткізуге болады деп сенемін.» - деді Дениз.

Руслан Жапаров да дәл осы турнирді лицензиямен аяқтағанын айта кетейік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер