Басқа

Өскеменде триатлоннан ел біріншілігі мәресіне жетті

Өскеменде триатлоннан ел біріншілігі мәресіне жетті
news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде кәсіби спортшылар арасында триатлоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Сайыста Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымент қалалары мен Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарынан келген 101 спортшы бақ сынады.

Этнопарктың суперспринттік қашықтығын бірінші болып бағындыруға Elite санатындағы спортшылар шықты. Әйелдер арасында сайысты бірінші болып астаналық спортшы Екатерина Шабалина аяқтады. Оның уақыты – 28 мин. 15 сек.

Екінші орынды алматылық Юлия Озерова 28 мин. 37 сек. алды. Үштікті тағы бір алматылық спортшы Дарья Бычкова (28 мин. 49 сек.) тұйықтады.

Ерлер арасында ел чемпионы атағын 25 мин. 38 сек. уақыт көрсеткен астаналық Дарын Қонысбаев жеңіп алды. Біріншіліктің күміс алқасын алматылық Ануар Турубаев (25 мин. 44 сек.) иеленсе, үшінші орынды астаналық Иван Тутукин (25 мин. 48 сек) алды.

Кіші санаттағы спортшылар ел мықтысын суперспринттік қашықтықтағы жеке сайыста жеңіп алды. Егер уақытша қорытындылайтын болсақ, бірінші көзге түсетін нәрсе – бұл қорытынды нәтижелерінің тығыздығы.

Жоғары тығыздық – барлығына пайдасы тиетін жақсы бәсекелестік. Чемпиондар мен көшбасшыларға кейінгілердің жатпай-тұрмай дайындалып жатқандығын білдіреді. Бұл дегеніңіз күрестің одан сайын қызықты қылмақ. Келесі кәсіби спортшылардың додасы 12 маусымда Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер